$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Шымкентте блогер кәсіпкерлер мен шенеуніктерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

Абдрахманов Мағжан
03 шілде 2026, 10:20
Шымкентте блогер кәсіпкерлер мен шенеуніктерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды Сурет авторы: Sputnik / Абзал Калиев

Шымкентте Instagram желісінде шамамен 150 мың оқырманы бар блогер мен оның үш сыбайласы ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнежазбаға түсіріп, олардың қызметтегі немесе кәсіпкерлік қызметтегі заң бұзушылықтарын сылтау еткен.

Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіде жариялаймыз деп қорқытып, жарияламауы үшін ақша талап еткен.

Қылмыстық схеманы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар