$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Шымкент дендросаябағында жасөспірім пышақ жарақатын алды

Абдрахманов Мағжан
21 тамыз 2026, 11:34
Шымкент дендросаябағында жасөспірім пышақ жарақатын алды Сурет авторы: flickr

Шымкенттегі дендросаябақта жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Kazinform қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Жазба авторының мәліметінше, жағдай 17 тамызда болған. Ол дәм сататын көлікте жұмыс істейтін кәмелетке толмағандар арасында жанжал шығып, бір-біріне пышақ жұмсағанын мәлімдеген. Полиция әзірге бұл мәліметті толық растаған жоқ.

«Дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы, соның ішінде жанжалдың шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары жасөспірімдердің заңды өкілдерінің әрекетіне де баға берілетінін мәлімдеді. Олар бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны анықталса, жауапқа тартылуы мүмкін.

Түпкілікті шешім тексеру қорытындысы бойынша қабылданады.

Соңғы жаңалықтар