$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Шымбұлақтағы аспалы жолдар уақытша жабылады

Редакция
12 мамыр 2024 05:59 1322
Шымбұлақтағы аспалы жолдар уақытша жабылады

Шымбұлақ тау курорт кешені жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдарды уақытша жабады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

«Медеу-Шымбұлақ» аспалы жол 13 мамыр мен 2 маусым аралығында жабық болады.

Бұл уақыт аралығында «Комби-1» және «Комби-2» аспалы жолдары да жабылады.

Ал ККД-4 аспалы жолы әдеттегідей жұмыс істейді.

«Сондай-ақ 19-24 мамыр аралығында Медеу-Шымбұлақ жартылай жолының жүк-тартқыш арқанын қысқарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қоюы мүмкін» деп хабарлады әкімдік.  

Шымбұлақ шыңына студенттер жолымен шығуға болады. Жұмыс кестесіндегі өзгерістер мен аспалы жолдардың жұмысын қалпына келтіру күні қосымша хабарланады.

Соңғы жаңалықтар