$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Абдрахманов Мағжан
23 шілде 2025 16:06 324
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді Сурет авторы: ашық дереккөзден

2025 жылғы 23 шілде күні сағат 15:37-де Астана уақыты бойынша Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым қашықтықта орналасқан. Есептік мәліметтер бойынша, сілкіністің максималды қарқындылығы MSK-64 шкаласы бойынша 4 баллды құрады.

Жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстанның ондаған елді мекенінде сезілген. Атап айтқанда, 4 балл күшінде дүмпу Өскемен қаласы мен Көкпекті, Самар, Қалбатау, Қасым Қайсенов ауылдарында тіркелді. 3 балл шамасындағы тербелістер Глубокое, Күршім, Алтай, Риддер, Үлкен Нарын, Шемонаиха, Ақсуат өңірлерінде байқалды. Ал Семей, Аягөз, Зайсан, Мақаншы, Бесқарағай, Қарауыл, Қатонқарағай сияқты бірқатар елді мекенде 2 балл көлемінде сезілген.

Қазіргі таңда жер сілкінісінен қираған нысандар немесе зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Мамандар сейсмикалық ахуалды бақылауды жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар