Шығыс Қазақстанда судағы қауіпсіздік күшейтілді: екі жаңа құтқару нысаны ашылды
Сурет авторы: ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысында судағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған екі жаңа құтқару нысаны жұмысын бастады. Өскемендегі Ертіс өзенінің жағасында заманауи құтқару станциясы пайдалануға берілсе, Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жаңа құтқару модулі іске қосылады.
Өскемендегі құтқару станциясы тұрғындар көп демалатын «Самал» саябағы аумағында орналасқан. Мұнда төрт құтқарушы тұрақты кезекшілік атқарады. Мамандарға өзен аумағын бақылауға және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетуге қажетті жабдықтар берілген. Станция қарамағында «Қазбот-53» металл қайығы мен гидроцикл де бар.
Жаңа нысанның ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.
Облыс әкімі құтқару станциясының ең басты міндеті адам өмірін қорғау екенін атап өтті.
«Бүгін Өскеменнің көрікті орындарының бірі – «Самал» саябағында маңызды нысанды ашып отырмыз. Бұл – ең алдымен адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заманауи құтқару станциясы. Біз үшін кез келген инфрақұрылымдық жобаның басты өлшемі – оның адамға пайдасы. Жаңа станция құтқарушылардың жұмысын тиімді ұйымдастырып, су айдынын тұрақты бақылауға және төтенше жағдай кезінде қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өңірдегі судағы қауіпсіздік инфрақұрылымы Бұқтырма су қоймасындағы жаңа құтқару модулімен де толықты. Биыл салынған нысанда бақылау бекеті мен мамандар жұмыс істейтін арнайы бөлме қарастырылған.
Жаңа модуль жағалауда бұған дейін жұмыс істеп келген құтқару бөлімшесінің мүмкіндігін кеңейтеді. Соның арқасында су қоймасының аумағын бақылау күшейіп, оқыс жағдайларға әрекет ету уақыты қысқарады деп күтілуде. Екі жаңа құтқару постының капсулаларының кілттерін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.
«Жаңа нысандар қауіпсіздік жүйесін одан әрі күшейтіп, өңірдегі су айдындарында демалуды тұрғындар үшін қауіпсіз етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді өңір басшысы.
Құтқару инфрақұрылымын кеңейтумен қатар облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы да жаңартылды. Гарнизонға төрт жаңа арнайы техника берілді. Олардың қатарында жол талғамайтын өрт сөндіру көліктері мен жедел-құтқару машиналары бар.
Жаңа көліктер күрделі жағдайларда оқиға орнына жедел жетуге, төтенше жағдайдың салдарын барынша жылдам жоюға және адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Арнайы техниканың кілттерін құтқарушыларға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов табыстады.
Салтанатты шара барысында азаматтық қорғау саласының дамуына үлес қосқан азаматтар да марапатталды. Оларға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары берілді.
Өңірде жаңа құтқару нысандарының салынуы, әсіресе жазғы маусымда маңызды. Күн жылынған кезде Ертіс өзені мен Бұқтырма су қоймасының жағалауына келетін тұрғындар мен туристер саны көбейеді. Бұл өз кезегінде су айдындарын тұрақты бақылап, кез келген төтенше жағдайға дайын тұратын құтқару бөлімшелерінің маңызын арттырады.
Бір күнде екі жаңа нысанның іске қосылып, Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникамен толықтырылуы Шығыс Қазақстандағы азаматтық қорғау жүйесінің мүмкіндігін кеңейтіп отыр. Жаңа станциялар құтқарушылардың жеделдігін арттырып қана қоймай, өңірдің танымал демалыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет етпек.
Соңғы жаңалықтар
-
Непалда Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
2 сағат бұрын
-
Сапасыз бензин сатылымнан алынады: бірнеше жанармай бекеті тексеріліп жатыр
3 сағат бұрын
-
Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардан Ресейдің ең бай әйелі $3,1 млрд жоғалтты
3 сағат бұрын
-
Сұраныс төмендесе де үй бағасы бұрынғыдан да қымбаттады
3 сағат бұрын
-
Қарин мен Мусин жоқ: «Әділет» тізіміне кімдер енбеді, кімдер Құрылтай депутаты болды
3 сағат бұрын
-
Құрылтайдың 145 депутаты ресми тіркелді
4 сағат бұрын
-
Непалдағы алапат тасқын: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма
5 сағат бұрын
-
Астанада Өзбекстан профессоры тыңшылық күдігімен қамауға алынды
6 сағат бұрын
-
Дәрігерлер жасанды интеллектпен бірлесіп миға операция жасады: ісік сәтті алып тасталды
7 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанда судағы қауіпсіздік күшейтілді: екі жаңа құтқару нысаны ашылды
7 сағат бұрын
-
Тоқаев бірқатар жоғары лауазымды шенеунікті қызметінен босатты
8 сағат бұрын
-
«Әділеттен» Құрылтайға баратын 110 депутат белгілі болды
8 сағат бұрын
-
«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды
8 сағат бұрын
-
Непал мен Тибеттегі тасқыннан 160-тан астам адам қаза тапты
8 сағат бұрын
-
Алматыдан Ташкентке қатынайтын халықаралық пойызда алғаш рет әйелдер вагоны іске қосылады
8 сағат бұрын
-
Қыркүйекте қазақстандықтар қандай салықтар мен төлемдерді төлеуі керек
8 сағат бұрын
-
ЦРУ басшысы Мәскеуге НАТО-ға шабуыл жасауға болмайтынын ескерту үшін барған – БАҚ
9 сағат бұрын
-
Бір орынға бес адамнан: «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды
9 сағат бұрын
-
Ескі көлігін өткізген қазақстандықтарға 750 мың теңгеге дейін жеңілдік берілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген
1 күн бұрын
-
ЦРУ басшысы Ресейге барды: Кремль сапардың мән-жайын айтты
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар үйді аз сатып ала бастады, бірақ баспана бағасы өсіп жатыр
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Қытай бір-бірінің жүргізуші куәліктерін мойындамақ
1 күн бұрын
-
Баспанаға жаңа міндетті төлем енгізілуі мүмкін: жылына 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін
1 күн бұрын
-
Тоқаев мұғалімдердің арыз-шағымынан кейін маңызды тапсырма берді
1 күн бұрын
-
АИ-95 пен АИ-98 сапасына қатысты дау: Павлодар зауыты тексеру нәтижесін жариялады
1 күн бұрын
-
Тоқаев 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салуды ұсынды
1 күн бұрын
-
2029 жылға дейін жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу жоспары бекітілді
1 күн бұрын
-
Абай облысында 20 жастағы қызға 12 рет пышақ сұғып өлтірген
1 күн бұрын
-
АҚШ визасына үзіліс: Трамп әлем бойынша сұхбаттарды тоқтатты
1 күн бұрын
-
Жаңа Құрылтай қашан жұмысын бастайды? Тоқаев жарлыққа қол қойды
1 күн бұрын
-
БАӘ-де апалы-сіңлілі қазақстандықтар өлі табылды
1 күн бұрын
-
Қытай көліктеріне бәсеке: Еуроодақ Жапония және Оңтүстік Кореямен күш біріктірмек
2 күн бұрын
-
Қытай роботтарды жаппай шығара бастады. Бұл әлемді қалай өзгертеді?
2 күн бұрын
-
Зеленский Тоқаевтың құттықтауына жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтар көлік пен баспана алу үшін банктен орта есеппен қанша қарыз алады
2 күн бұрын
-
Футболдан әлем чемпионаты мен «Формула-1» Lego сатылымын 21 пайызға өсірді
2 күн бұрын
-
АҚШ Сирияны терроризмді демеуші елдер тізімінен ресми түрде шығарды
2 күн бұрын
-
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді: жанармайдың 70 пайызы кері қайтарылады
2 күн бұрын
-
КҚК-ға жасалған шабуылдардан Қазақстан 3,5 млн тонна мұнай өндіре алмады
2 күн бұрын
-
АИ-95 пен АИ-98 бензинінің сапасына шағым көбейді: министр тексеріс басталғанын айтты
2 күн бұрын
-
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
2 күн бұрын
-
Құрылтайда қай партия қанша орын алды?
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды
2 күн бұрын
-
Ұлттық қордан қайтадан миллиардтаған қаржы алынбақ
2 күн бұрын
-
Жолға арқан керіп қойған: Риддерде мотоцикл мінген 13 жастағы қыз қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстанда инфляция 2028 жылдан бастап 6–8 пайызға дейін төмендеуі мүмкін
2 күн бұрын
-
АҚШ-та жұмыс визасы үшін 103 мың доллар жиынтық төлем енгізу ұсынылды
2 күн бұрын
-
Қазақстандағы такси реформасы халыққа қалай әсер етеді
2 күн бұрын
-
Елімізде қатерлі ісікті ерте анықтау көрсеткіші айтарлықтай артты
2 күн бұрын