$ 471.98 € 543.39 ₽ 5.82

Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады

Редакция
04 тамыз 2026, 13:02
Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің құлағын кесіп тастады

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында 51 жастағы ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасап, оның құлағын кесіп тастаған. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті zakon.kz-ке растады.

Оқиға 25 шілдеде болған. Зардап шеккен әйел алты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отыр. Күдікті сол күні ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ оған жәбірленушімен кез келген байланысқа түсуге тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылған.

Белгілі болғандай, бұған дейін де ер адам жәбірленушінің арыздары бойынша бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар ол ата-ана құқығынан айырылған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар