Шығын – 8 млн теңге: Астанада кәсіпкерлер рұқсатсыз демонтажға қарсы шықты
Сурет авторы: Qrnews
24 шілде күні Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда соңғы екі ай ішінде жергілікті атқарушы органдар, атап айтқанда КММ «Астана-Жарнама» тарапынан жүргізілген маңдайшалар мен жарнамалық элементтерді демонтаждау әрекеттеріне қатысты кәсіпкерлердің шағымдары қаралды.
Кәсіпкерлер бұл шаралар кезінде ҚР Кәсіпкерлік кодексі, «Жарнама туралы» заң және 2024 жылғы 22 шілдеде бекітілген елорданың бірыңғай сәулеттік келбеті жөніндегі Жол картасының талаптары сақталмағанын алға тартады. Олардың айтуынша, жарнама мен маңдайшаларды рұқсатсыз шешу бизнеске айтарлықтай зиян келтіреді және кәсіпкерлік құқықтарын шектейді.
«Бір сәтте бәрі шешіліп кетті»
11 шілде күні «Mega Optics Astana» дүкенінің басшысы Татьяна жұмысына келгенде, белгісіз қызметкердің дүкен алдындағы 1,5 метрлік жарнама жазуын демонтаждап жатқанын көреді. Қызметкер бұл белгі қаланың көркіне сай келмейді деген уәж айтқан.
«Бұл қарапайым жарнама емес, бұл — біздің бет-бейнеміз, табысымыз, еңбекпен келген жетістігіміз. Оның артында 20-30 адамның тұрақты жұмысы мен отбасының наны тұр. Бұл жарнаманы орнатуға да, заң талаптарына сәйкестендіруге де көп қаржы кетті. Біз бұлай жабылғымыз келмейді», — дейді Татьяна.
Кәсіпкер «Астана-Жарнама» мекемесінен демонтажды тоқтатуды сұрағанын, қазір 15 күн ішінде жауабын күтіп отырғанын жеткізді.
«Ескерту тек онлайн болды»
Осыған ұқсас жағдай «Capital Education LLP» компаниясында да орын алды. 4 маусым күні компанияның жүгіртпе жолақ форматындағы электронды маңдайшасы алдын ала ескертусіз шешіліп тасталған. Жеке білім беру мекемесінің өкілі Жандос бұл әрекетті заңсыз деп бағалап отыр:
«Біз 2023 жылы да осындай мәселе бойынша сөйлескенбіз. Ол кезде ресми түрде түсіндірме алған едік. Ал биыл ескерту тек бір рет онлайн түрде жасалды. Ешқандай қағаз жүзінде құжат берілмеді. Біз тек заң аясында жұмыс жүргізуді талап етеміз», — дейді ол.
«Маңдайша орнату ережесі нақты белгіленген» — кеңес мүшесі
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің мүшесі қазіргі заңнама маңдайша орнату тәртібін нақты бекітіп қойғанын айтады:
«Қазіргі заң бойынша, кәсіпкер маңдайша орнатқысы келсе, кемінде 5 жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жолдауы тиіс. Бұл хабарламада маңдайшаның эскизі мен орналасу орны көрсетіледі. Егер 4 күн ішінде әкімдік тарапынан нақты, жазбаша ескерту болмаса, кәсіпкер маңдайшаны өзі көрсеткен күні орната алады», — дейді сарапшы.
Сонымен қатар, маңдайшада ұйым атауы мен қызмет түрі міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Ол нысанның кіреберісіне ғана ілінеді. Егер тек ұйым атауы жазылып, қызмет түрі көрсетілмесе — бұл заң бұзушылық болып саналады.
Мұндай маңдайшалар көбіне кондоминиум нысандарының ортақ меншігіндегі қасбетке орнатылады. Бұл жағдайда «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң талаптары да ескерілуі керек. Тіпті кей өңірлерде пәтер иелері әкімдікке қарсы сотқа жүгініп, демонтажды заңсыз деп тану туралы шешімдер де болған.
«Келісу рәсімі түсініксіз және жүйесіз» — жауапты маман
Келісу рәсімін жүзеге асыратын жауапты мамандардың айтуынша, бұл процесте жүйелілік пен заңдық нақтылық жоқ:
«Бізде қол қойылған бланктер бар, бірақ олардың мемлекеттік органдар тарапынан заңды күші, мөрі жоқ. Бұл — үлкен сұрақ. Ал екінші мәселе — кәсіпкерлер жиі шағымданады: “Бізге ескерту жасалмайды. Келіп, бірден демонтаж жасайды. Бұл тіпті бандиттік не партизандық тәсіл сияқты”», — дейді жауапты қызметкер.
Оның айтуынша, нақты шешімдер қабылданып, әрекетке көшілуде, ал бұл заңдық жағынан күмән тудырады. Сондықтан келісу рәсімі қай заңға сүйеніп жүргізіледі, ол қай органның құзырында — бұл сұрақтар ашық күйінде қалып отыр.
«Кәсіпкерлер мен өндірушілер келісімсіз жұмыс істеуге мәжбүр» — жарнама саласының өкілі
Сыртқы жарнама саласының өкілі бұл жүйесіздіктің жарнама өндірушілердің де жұмысына үлкен кедергі келтіріп отырғанын айтады:
«Бізде 550-ге жуық жарнама өндіруші бар. Бір маңдайшаны келісі үшін үш түрлі органмен: сәулет бөлімімен, тілдерді дамыту басқармасымен және әкімдікпен жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ олардың арасында бірізділік жоқ».
Оның айтуынша, тауарлық белгілер, бренд атаулары немесе латын әріптерімен жазылған фирмалық стильдер көп жағдайда қабылданбайды. Есесіне, кей кәсіпкерлерге тек “оптика”, “көлік жөндеу” секілді жалпылама жазуы бар бланктерге қол қойылады.
«Біз тіпті бос формаларға қол қоюға мәжбүрміз. Ал 10 жылдан бері жұмыс істеп тұрған нақты брендтерге келісім берілмейді. Бұл — әділетсіздік, әрі жүйесіздік».
8 млн теңгеге жуық шығын
Еске салайық, 11 шілде күні «Dega Optical» дүкеніне келген әкімдік қызметкерлері объективпен дүкеннің көзілдірік пішінді маңдайшасын суретке түсіріп, ешқандай хабарлама немесе ресми ескерту берместен демонтаж болатынын хабарлаған. Бұл дүкен 1995 жылдан бері жұмыс істейді, 2024 жылы да «Астана-Жарнама» тарапынан ескертулер жасалған, бірақ талаптар орындалған.
Ал «Mega Optics Astana» жыл сайын маңдайшаларын демонтаждау туралы өтінішпен кездеседі. Бірақ кәсіпкерлердің айтуынша, эскиздері 2023 жылы күшін жойған дизайн-код талаптарына сәйкес келмейді деп қабылданбайды. Бұл ретте олар жаңа дизайн-код бекітілгенге дейін демонтажды тоқтатуды сұрайды.
4 маусым күні «Capital Education LLP» мектепке дейінгі білім беру орталығының LED жүгіртпе жолақ түріндегі маңдайшасы да алдын ала ескертусіз шешіліп алынған.
Осы уақытқа дейін «Dega Optical», «Mega Optics Astana» және «Capital Education LLP» сияқты кәсіпкерлер демонтаж әрекеттерінен келген залалдың жалпы сомасы 8 миллион теңгеден асады деп отыр.
Авторлар: Рахат Жора, Әмір Жәнібек
Соңғы жаңалықтар
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
52 минут бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
57 минут бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
1 сағат бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
18 сағат бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
1 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
1 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
1 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
1 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
1 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
1 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
1 күн бұрын
-
Неліктен бірыңғай QR-мен төлеу әлі де барлық жерде бірдей іске аспай жатыр?
1 күн бұрын
-
Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
1 күн бұрын
-
Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды
1 күн бұрын
-
Уайымсыз үй аламын деп, сан соғып қалмаңыз: Қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасалды
1 күн бұрын
-
Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері жаңбыр жауып, күн суытады
1 күн бұрын
-
АҚШ билігі шетелдік жұмысшыларға арналған визалық талаптарды қатаңдатпақ
1 күн бұрын
-
Air Astana АҚШ-қа тікелей ұшуға мүмкіндік беретін алғашқы ұшағын желтоқсанда алады
1 күн бұрын
-
Қазақстандық студенттер АҚШ-та далада қалды
1 күн бұрын
-
Жаңаөзенде ауруханаға бөлінген 223 млн теңге жымқырылған
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттігін айқындады
1 күн бұрын
-
Рыбакина – Соболенко: US Open финалы несімен ерекше?
1 күн бұрын
-
Тоқаев Үндістан мен Оңтүстік Кореяға сапармен барады
1 күн бұрын
-
Қыкүйек пе, қыргүек пе: ғалымдар қазақ тіліндегі сөздердің жазылуын қайта қарайды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін ауыстырды
1 күн бұрын
-
Астанада жылдың ең үлгілі жас отбасы анықталды
1 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open финалына шықты
1 күн бұрын
-
Таза Қазақстан: ШҚО жастары өңірді көркейтуге бағытталған ауқымды бастаманы қолдады
2 күн бұрын
-
Шымкентте зейнеткерді ұрып өлтірді (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Тегін дәрі-дәрмектерді сатқан ұйымдарға миллиондаған айыппұл салынды
2 күн бұрын
-
Депутаттық сауалға жауап бере алмаған шенеуніктер Құрылтайға шақырылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Мектептерде амандасудың жаңа форматы енгізілуі мүмкін
2 күн бұрын
-
Зеленскийдің ұшағына дрон тие жаздаған
2 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша?
2 күн бұрын
-
Трамп америкалықтарға 5 мың доллардан беретінін мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Депутат Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қоюды ұсынды
2 күн бұрын
-
Мұнай бағасы 100 доллардан асты
2 күн бұрын
-
Ұлттық банк Астананың қай аудандарында пәтерлер тез қымбаттап жатқанын жариялады
2 күн бұрын
-
Qyran тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық: төрт қызметкер 8–9 жылға сотталды
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнайының негізгі экспорт бағыты маңында дрон оқиғасы болды
2 күн бұрын
-
Испания тарихындағы ең ыстық жаз: аномалды аптап 61 күнге созылып, мыңдаған адамның өмірін қиды
2 күн бұрын
-
Қытайда белгісіз қауіпті вирус анықталды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
2 күн бұрын
-
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
3 күн бұрын
-
PISA-2025 нәтижесі шықты: Қазақстан оқушылары қай деңгейде?
3 күн бұрын
-
«Самұрық-Қазына» 21 триллион теңгені қайда жұмсайды: Тоқаев қор басшысына бірқатар міндет жүктеді
3 күн бұрын
-
Тарбағатай ауданында жылына төрт мың тонна өнім шығаратын ірі балық кластері бой көтереді
3 күн бұрын
-
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,7 млрд теңгеге сатылымға қойылды
3 күн бұрын
-
Астанадағы ЖИ-камералар бет-әлпеті мен жасына қарап іздеуде жүрген азаматтарды анықтайды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда банктердің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті
3 күн бұрын