ШҚО Ертістің бірыңғай цифрлық паспортын жасауды ұсынды
Сурет авторы: ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы Ертіс өзенінің бірыңғай цифрлық паспортын жасауды, өзен арқылы жүк тасымалын дамытуды және су қорын бірлесіп қорғауды ұсынды. Бастамалар Павлодарда өтіп жатқан «Ертіс – достық пен даму өзені» халықаралық форумында көтерілді.
Форумда ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзендегі кеме қатынасын сумен қамту, энергетика, ауыл шаруашылығы және экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен қатар дамыту қажеттігін айтты. Оның сөзінше, қазір Қазақстан мен Ресей арасында қажетті құқықтық негіз қалыптасып, тиісті меморандумдарға қол қойылған және зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Келесі навигациялық кезеңді нақты бірлескен жобалармен бастаймыз деп үміттенемін», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өңір ұсынған негізгі жобалардың бірі – Ертістің бірыңғай цифрлық паспорты. Ақпараттық жүйеге өзеннің тереңдігі мен су сапасы, жағалаудың жай-күйі, балық қоры, кеме жүруге жарамды бөліктері және гидротехникалық құрылыстар туралы мәліметтер енгізілмек. Деректер тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Жоба жүзеге асса, өңірлер жүк тасымалын жоспарлау, өзен түбін тереңдету және порттарды дамыту кезінде ортақ деректерге сүйене алады. Бастаманы іске асыру үшін Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары, өңірлері және ғылыми ұйымдары өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын құру ұсынылды.
Форумда Шығыс Қазақстан облысы Тұғыл ауылындағы Зайсан көлінде өзен портын құру мүмкіндігін де таныстырды. Қазір жоба пысықталып жатыр. Болашақ портқа қолданыстағы айлақ, қойма және жүк тиеу-түсіру орындары негіз бола алады.
Жоба аясында ұзындығы 99 шақырым болатын Тұғыл – Майқапшағай теміржол желісін пайдалану мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Порт арқылы кварц құмы, гранит, қиыршық тас, бентонит және басқа да жүктерді тасымалдау ұсынылған. Алдын ала есеп бойынша, олардың жалпы көлемі бір кеме қатынасы маусымында 3 миллион тоннадан асуы мүмкін.
Келесі кезеңде жүк жөнелтушілермен бірге нақты көлем, тасымал бағыттары мен олардың экономикалық тиімділігі есептелмек. ШҚО билігі өзен арқылы жүк тасымалын дамыту кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндік беріп, жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді деп есептейді.
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко Қазақстан мен Ресей өңірлерінің Ертіс бойындағы ынтымақтастығына тоқталды.
«Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың біздің құрлықтағы шекарамыз бар, бірақ суда шекара жоқ деген сөзі маған ерекше ұнады. Табиғатта шекара болмайды деген ойдың астарында, шын мәнінде, өте терең мағына жатыр», – деді ол.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жаңа экономикалық жобалар Ертісті сақтау ісімен қатар жүруге тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, өңірлер өз жоспарларын өзара үйлестіріп, форумда көтерілген ұсыныстарды нақты іске ұластыруы қажет.
ШҚО әкімі өзеннің экологиялық жағдайына да назар аударды. Ол балықтардың уылдырық шашатын жерлерін қоса алғанда, табиғи тұрғыдан осал аумақтарды бірлесіп зерттеуді ұсынды. Инфрақұрылымдық жобаларды ғылыми зерттеулер мен қоршаған ортаға жүргізілетін бақылау нәтижелеріне сүйеніп жоспарлау қажеттігін айтты.
Сонымен бірге жолаушы тасымалы мен өзен туризмін дамыту мәселесі көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы Ресей және Қытайдың кеме жасау кәсіпорындарымен бірлесіп, жолаушылар кемелерін жаңарту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Нұрымбет Сақтағанов цифрлық паспорт, жүк тасымалы, ғылыми зерттеулер мен экологиялық бақылауға қатысты ұсыныстарды мерзімі мен жауапты тараптары көрсетілген бірыңғай жол картасына біріктіруді ұсынды. Сондай-ақ келесі «Ертіс – достық пен даму өзені» халықаралық форумын 2027 жылы Шығыс Қазақстан облысында өткізу ұсынылды.
Соңғы жаңалықтар
-
Үздік оқырманға 10 миллион: Ауқымды республикалық марафонның шымылдығы түрілді
11 сағат бұрын
-
Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты
13 сағат бұрын
-
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: жаңа Қорғаныс министрі алғашқы кеңесін өткізді
14 сағат бұрын
-
Дисквалификацияға қарамастан: Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға жүлде ақшасын толық төлейді
14 сағат бұрын
-
Алматы облысында тағы жер сілкінді
16 сағат бұрын
-
Аза тұту күні әлеуметтілк желіде“олар біз үшін өліпті ме?” деген қазақстандық қамауға алынды
16 сағат бұрын
-
Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады
18 сағат бұрын
-
МРТ зерттеуі: Түнде жанып тұратын шамдар мен экран жарықтары жүрек ауруына алып келеді
18 сағат бұрын
-
Азия ойындарындағы дау: Қазақстандық спортшы кроссовкасының кесірінен алтынынан айырылды
19 сағат бұрын
-
Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы өзендер мен сел қаупі бар аумақтар тексерілді
19 сағат бұрын
-
Алматыда жер сілкінісі сезілді
21 сағат бұрын
-
«Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық»: Тоқаев армиядағы жағдайды сынға алды
21 сағат бұрын
-
19 адам неге 17 болып қалды? Қорғаныс министрлігі екі матрос туралы түсінік берді
21 сағат бұрын
-
ШҚО Ертістің бірыңғай цифрлық паспортын жасауды ұсынды
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін тексеруге кірісті
1 күн бұрын
-
Каспийде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатты
1 күн бұрын
-
«ӨРКЕНИЕТТЕР АЛЬЯНСЫ» ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ ӨРЕЛІ СӨЗ
1 күн бұрын
-
Алматыда ауқымды ALMATY GASTRO WEEK гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр
2 күн бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Тоқаев Қорғаныс министрлігін толық тексеруді тапсырды
2 күн бұрын
-
Маңғыстауда төрт лауазым иесі ауысты: Ақтау мен Жаңаөзенге жаңа әкім келді
2 күн бұрын
-
Үсік, жаңбыр және найзағай: 26 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Доллар арзандауын тоқтатты: 26 қыркүйектегі валюта бағамы
3 күн бұрын
-
«Балаларымызды сақтап қала алмадық. Кешіріңіздер»: Қорғаныс министрі қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты
3 күн бұрын
-
Тоқаев Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жеделхат жолдады
3 күн бұрын
-
«Жауапкершіліктен жалтармайды»: Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы оқиға туралы айтты
3 күн бұрын
-
Жапаров екінші мерзімге түспек: Қырғызстанда президент сайлауының күні белгіленді
3 күн бұрын
-
Каспийде аман қалған тағы бір сарбаздың қалай құтылғаны белгілі болды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да жылына 80 мыңға дейін автокөлік шығаратын кәсіпорын құру жоспарланып отыр
3 күн бұрын
-
Бес лауазымды тұлғамен шектелмейді: Каспийдегі қайғылы оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 146 миллион теңгеден астам қаражат бөлді
3 күн бұрын
-
Қорғаныс министрлігінің бес жоғары лауазымды шенеунігі тұтқындалды
3 күн бұрын
-
Жағаға өзі жүзіп жеткен: Ақжолдың әкесі ұлының қалай аман қалғанын айтты
3 күн бұрын
-
Каспийдегі оқиғадан аман қалған сарбаздың жағдайы айтылды
3 күн бұрын
-
Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмектескісі келетіндер үшін ресми шот ашылды
3 күн бұрын
-
Соңғы екі әскери қызметшінің денесі табылды: Каспийдегі іздеу операциясы аяқталды
3 күн бұрын
-
Путин Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты
3 күн бұрын
-
Маңғыстаудағы сарбаздар өліміне қатысты күдіктілер анықталды: 30-дан астам куәгерден жауап алынды
3 күн бұрын
-
Назарбаев Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
3 күн бұрын
-
Каспийде екі әскери қызметшіні іздеуге 250-ден астам адам жұмылдырылды
3 күн бұрын
-
Жаңбыр, жел және үсік: 25 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады
3 күн бұрын
-
Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасы екі бап бойынша тергеліп жатыр
3 күн бұрын
-
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
4 күн бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: қазірге дейін не белгілі?
4 күн бұрын
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
4 күн бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
4 күн бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
4 күн бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
4 күн бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
4 күн бұрын