$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Редакция
03 ақпан 2025 05:07 2618
ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты Сурет авторы: Instagram.com/oo_osa_semey__vko

Шығыс Қазақстан облысында Күршім – Қалжыр тас жолында көлік апаты болып, төрт адам қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға 1 ақпанда орын алды. Lada Granta және Hyundai Santa Fe көліктері соқтығысып, оқиға орнында Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды.

Hyundai Santa Fe көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар