$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

ШҚО-да ауыл әкімі тұрғындарды балағаттаған

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2025 09:35 617
Облыс әкімдігі ең қатаң шара қолданылатынын ескертті
ШҚО-да ауыл әкімі тұрғындарды балағаттаған Сурет авторы: видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның жергілікті тұрғындарға балағат сөз айтқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда әкімнің тұрғындарға дөрекі сөйлеп, ұрысып жатқанын көруге болады.

Видео кезінде жанында тұрған полицейге тұрғын әйел «неге шара қолданбайсыз?» деп сұрайды, алайда тәртіп сақшысы жауап бермейді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданының ауыл әкімі қатысқан бейнежазба анықталды. Онда бейәдеп сөздер айтылған. Бұл факт бойынша әкімнен ресми түсініктеме сұратылды. Материалдар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыс әкімдігі мұндай әрекеттердің қызметтік этика нормаларына қайшы екенін және этиканы бұзған қызметкерлерге ең қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар