$ 489.3 € 578.94 ₽ 6.38

ШҚО әкімінің орынбасары ұсталды ма: ҰҚК ресми түсініктеме берді

Абдрахманов Мағжан
18 ақпан 2026, 10:31
ШҚО әкімінің орынбасары ұсталды ма: ҰҚК ресми түсініктеме берді Сурет авторы: gov.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарке қатысты жағдайға түсініктеме берді.

18 ақпан 2026 жылы редакцияға жолданған ресми жауапта ведомство сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

– Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Комитет өкілдері Жақсылық Омарға қатысты қамауға алу немесе өзге де бұлтартпау шарасы қолданылған-қолданылмағанын нақтылаған жоқ. Сондай-ақ тергеу қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны да айтылмады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде бұл мәліметке қатысты ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ Жақсылық Омар денсаулығына байланысты еңбек демалысында жүргені хабарланған.

Жақсылық Омар 2025 жылғы сәуірде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. Бұған дейін алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі болған.

Соңғы жаңалықтар