$ 471.93 € 548.43 ₽ 6.61

Шетелге көшкен қазақстандықтардың зейнетақысы сақтала ма

Абдрахманов Мағжан
19 мамыр 2026, 12:56
Шетелге көшкен қазақстандықтардың зейнетақысы сақтала ма Сурет авторы: Freepik

Қазақстаннан тұрақты тұруға шетелге кеткен азаматтар зейнетақы төлемдерінен айырылмайды. Мұндай түсініктемені Конституциялық сот берді.

Сот Әлеуметтік кодекстегі шетелге қоныс аударған азаматтарға зейнетақы төлеу нормаларын қарастырды. Істі қарауға зейнетақы төлеуді тек Қазақстан аумағында тұру фактісімен шектейтін заң талаптарының конституциялық сипатына күмән келтірген сот орындарының бірінен түскен ресми ұсыныс себеп болған.

Конституциялық соттың мәліметінше, азаматтардың шетелге көшуі олардың конституциялық құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін жоймайды. Яғни зейнетақы алу құқығы сақталады.

Сонымен қатар сот төлемдерді тоқтату тек заңда нақты көрсетілген жекелеген санаттарға ғана қатысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

Осыған байланысты Үкіметке бір жыл ішінде Әлеуметтік кодекске тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар