$ 489.99 € 580.25 ₽ 6.38

Шетелге көп сатылатын қазақстандық тауарлар тізімі белгілі болды

Редакция
17 ақпан 2026, 11:41
Шетелге көп сатылатын қазақстандық тауарлар тізімі белгілі болды Сурет авторы: tengrinews.kz

2025 жылдың 11 айында Қазақстанда өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артты, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. Экспорт көлемі 3,2 миллиард долларды құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,8% көбейген.

Ең көп өсім байқалған өнімдер:

  • ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 2 есеге (72 млн доллар);

  • макарон өнімдері – 1,2 есеге (54 млн доллар);

  • маргарин – 3,5 есеге (51 млн доллар);

  • балмұздақ – 5,7 есеге (47 млн доллар).

Сонымен қатар дәнді дақылдарды терең өңдеу өнімдері – биоэтанол, глютен және крахмал экспорты да артқан. Министрдің айтуынша, бұл жоғары қосылған құнды өнімдердің әлеуетін айқын көрсетеді. 2020 жылдан бері өңделген өнім экспорты 3,2 есеге өскен және 3,2 миллиард долларға жеткен. 2026 жылға жоспар – 3,9 миллиард доллар.

Айдарбек Сапаровтың сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы тұрақты және қарқынды дамып келеді. Өткен жылы азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,1% өскен. Сонымен қатар өңделген өнімдердің жалпы АӨК экспорты ішіндегі үлесі 52%-ды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар