$ 469.49 € 552.59 ₽ 6.24

Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдіктер енді қазақ тілін В2 деңгейінде білуге міндетті

Редакция
21 сәуір 2026, 12:57
Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдіктер енді қазақ тілін В2 деңгейінде білуге міндетті Сурет авторы: Тшл кеспек жоқ

Қазақстанда тұрақты тұруға ниетті шетелдік азаматтар үшін мемлекеттік тілді меңгеру талаптары айтарлықтай қатаңдатылды. Енді елімізде қалуды жоспарлайтын шетелдіктер қазақ тілін  В2 деңгейінде білуі тиіс.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілген.

Жаңа ережеге сәйкес:

• Тілді меңгеру деңгейі: В2 (ортадан жоғары);

• Төменгі шек: Тест нәтижесі бойынша кемінде 70% көрсеткіш жинау қажет.

Айта кетейік, осыған дейін, атап айтқанда 2026 жылғы 13 ақпаннан бастап қолданысқа енген ереже бойынша шетелдіктерге мемлекеттік тілді бастапқы А1 деңгейінде білу талабы қойылған болатын. Алайда, мемлекеттік саясаттың тілдік ортаны нығайту бағытындағы жаңа қадамдары талапты бірден бірнеше сатыға жоғарылатты.

Бұл шешім Қазақстан қоғамына шетелдік азаматтардың әлеуметтік және мәдени интеграциялануын жақсартуға, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған. Қабылданған бұйрық жобасы шетелдіктердің ел ішіндегі құқықтық мәртебесін анықтау кезінде негізгі критерийлердің бірі болмақ.

Соңғы жаңалықтар