$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Шетелдік отбасыға берілмек болған бір жасар қызды Қазақстанға қайтарды

Абдрахманов Мағжан
22 желтоқсан 2025, 21:08
Шетелдік отбасыға берілмек болған бір жасар қызды Қазақстанға қайтарды Сурет авторы: Gov.kz

Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар Қазақстан азаматы елге қайтарылып, туған-туыстарына тапсырылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, бала шетелде асырап алушы отбасыға берілуі мүмкін болған. Алайда қазақстандық тарап дер кезінде әрекет етіп, сәбиді елге қайтаруға қол жеткізген. Нәтижесінде қыз бала биологиялық әкесі мен әжесіне тапсырылды.

Баланы қайтару үшін ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізілген. Туыстары анықталып, ресми шешім қабылданған соң, сәби Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі таңда бала өз отбасымен бірге. Оған Қазақстан үлгісіндегі туу туралы куәлік те рәсімделді.

Соңғы жаңалықтар