$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Шетелден элекромобильдерді алып келу ережесі өзгерді

Дулат Абдраманов
03 қараша 2025 10:28 175
Шетелден элекромобильдерді алып келу ережесі өзгерді Сурет авторы: ukr-prokat.com/

Қазақстан ЕАЭО аясындағы электромобильдерді бажсыз алып келу квотасын толық пайдаланып бітті. Енді шетелден электрокар әкелемін дегендер кедендік төлемдерді толық төлейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қазір елде электромобиль саны өсіп жатыр:
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 23 мыңға жуық электрокар тіркелген. Бұл — жыл басына қарағанда 43% көбірек.

Сонда да электромобильдер көшеде көп кездеспейді. Негізгі себеп — бағасы әлі де қымбат. Бұған енді төлемдер қосылса — баға бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Салыстырып көрсек:

  • Норвегияда электрокарлардың үлесі — 80%

  • Қытайда — 35%

  • ЕО елдерінде — 22%

Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі өте төмен.

Соңғы жаңалықтар