$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Шетелде тұратын қазақстандықтар МӘМС арқылы дәрі ала алмайды

Редакция
11 қараша 2024 06:08 4121
Шетелде тұратын қазақстандықтар МӘМС арқылы дәрі ала алмайды Сурет авторы: gov.kz

Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арқылы рецептілік дәрілерді жазып беру тоқтатылады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмек беру мүмкіндігін болдырмау үшін ақпараттық жүйесін жетілдірді», – делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, осындай жағдайлар 2024 жылдың жазында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның аймақтық филиалдарының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында анықталған.

2024 жылдың 24 қазанынан бастап осындай пациенттерге рецепт жазу және оларды қамтамасыз ету тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар