$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Шетел азаматы тексеріс кезінде есірткі салынған түйіншекті жұтып жіберген

Редакция
18 шілде 2024 03:22 4931
Шетел азаматы тексеріс кезінде есірткі салынған түйіншекті жұтып жіберген Сурет авторы: gov.kz

Қазақстан шекарасындағы кедендік бақылау бекетінде Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері шетелдіктен күмәнді түйіншек тауып алған. Ер адам оны қызметкердің қолынан жұлып алып, жұтып үлгерген.

Оқиға Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде болған. 

«Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 33 жастағы Өзбекстан азаматынан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. 

Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар