$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі онлайн көрсетіледі

Редакция
10 сәуір 2025 05:36 2304
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі онлайн көрсетіледі Сурет авторы: Коллаж Ulysmedia

Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша сот процесі онлайн трансляцияланады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 10 сәуір күні, Талдықорғанда осы іске қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті.

«Сот процесіне қатысушылардың пікірін ескере отырып, сот істі ашық түрде қарау туралы шешім қабылдады. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көруге болады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылдың 4 қазанында жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмған. Бұл іс бойынша 11 адам қамауға алынған.

Оқиғадан шамамен бір апта өткен соң, Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үй өртеніп кеткен. Бас прокуратура үйдің қасақана өртелгенін хабарлады.

21 қаңтарда тергеу аяқталды. Іс аясында:

  • 40 сот-медициналық сараптама жүргізілген,

  • 200-ге жуық куәгерден жауап алынған,

  • Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Соңғы жаңалықтар