$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Талдықорғанда алдын ала сот тыңдауы басталды

Редакция
10 сәуір 2025 04:35 2726
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Талдықорғанда алдын ала сот тыңдауы басталды

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Сот алдында тоғыз адам жауап береді.

Қанды оқиға Алматы облысы Талғар ауданында болғанымен, сот процесі Талдықорғанда өтіп жатыр. Жоғарғы сот бұл шешімді айыпталушылардың көбі Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғанымен түсіндірді. Істі Алматы облыстық соты қарап жатыр.

Бұған дейін прокуратура сот процесін онлайн трансляциялау туралы өтініш білдіретінін мәлімдеген, бұл мәселе бүгінгі сот отырысында қаралуы мүмкін.

Тергеу барысында:

  • 40 сот-медициналық сараптама жүргізілген,

  • 200-ге жуық куәгерден жауап алынған,

  • Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында болған жаппай төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болған. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл қылмыс бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша іс қозғалып, 11 адам қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар