$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Абдрахманов Мағжан
25 шілде 2025, 09:48
Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Шерзат Мұратұлының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотталған Думан Ысқақ түрмеден босатылды. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Думан Ысқақ бұған дейін Қылмыстық кодекстің 434-бабы – «Ауыр қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда оның тергеу изоляторында (СИЗО) өткізген мерзімі жазасына есептеліп, нәтижесінде ерте босап шықты.

Адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, бұл іс бойынша апелляциялық сот отырысы 18 тамыз күні өтеді.

Еске салайық, марқұм Шерзат Мұратұлының өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, бірнеше адам жауапқа тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар