$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Шенген визасын жеңілдету: Астана мен Брюссель жаңа келісімге дайындалуда

Редакция
20 қаңтар 2026, 12:04
Шенген визасын жеңілдету: Астана мен Брюссель жаңа келісімге дайындалуда Сурет авторы: visanow.ru

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі еуропалық бағыттағы визалық саясатты жеңілдету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жариялады.

 Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсанында Брюссельде өткен ресми келіссөздердің алғашқы раундында тараптар виза беру тәртібін оңайлату мен реадмиссия мәселелері бойынша ортақ мәмілеге келген. Сұхбаттың келесі кезеңі жақын арада Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.


Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 39 елімен визасыз режим орнатып, халықаралық байланыстарды нығайту бағытында жүйелі жұмыс істеуде. Сонымен қатар, еліміздің ашықтық саясатының нәтижесінде 87 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз келу мүмкіндігіне ие. Министрлік Еуропа Одағының үшінші елдерге қатысты көші-қон талаптарын қатаңдатып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар үшін визалық кедергілерді азайту бойынша белсенді дипломатиялық жұмыстарды жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар