$ 537.96 € 630.27 ₽ 6.73

Шенеуніктердің декларациясы жыл соңына дейін ашық жарияланады

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2025 16:33 446
Шенеуніктердің декларациясы жыл соңына дейін ашық жарияланады Сурет авторы: pixabay

Биыл жыл соңына дейін мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілердің декларациялары ашық түрде қолжетімді болады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Vlast.

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Декларация 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Жыл соңына дейін жарияланады», – деді министр.

Оның айтуынша, жарияланатын ақпарат өткен жылға қатысты болады. Яғни, декларацияда өткен жылы сатып алынған немесе сатылған мүліктер көрсетіледі.

«Өткен жылы қандай да бір нысан бойынша қозғалыс болса, ол декларацияда көрініс табады. Ал жалақы көрсетілмейді, өйткені ол бөлім толтырылмайды. Біз, Қаржы министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитеті, бұл соманы өзіміз көре аламыз», – деп түсіндірді Тәкиев.

Өз кезегінде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин саяси мемлекеттік қызметшілердің декларацияларын министрліктердің кадр қызметтері жариялайтынын айтты.

«Өткен жылы біз қандай мүлік, бағалы қағаз және басқа да дүние сатып алсақ, бәрі декларацияда көрсетіледі. Сонымен қатар қаржыландыру көздері де жазылады. Ол ашық баспасөзде немесе министрліктің сайтында жариялануы мүмкін. Сондықтан жыл соңында сіздерді қызық кезең күтіп тұр», – деді вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар