$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде газ жарылып, жеті адам қаза тапты (ВИДЕО)

Абдрахманов Мағжан
27 ақпан 2026, 09:08
Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде газ жарылып, жеті адам қаза тапты (ВИДЕО) Сурет авторы: Ақмола облысының ТЖД

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс Щучинск қаласындағы тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты «Центр плова» кафесінде болған. Оқиғадан кейін ғимаратта өрт тұтанған.

Құтқарушылар оқиға орнына хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде жеткен.

«Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын алып шықты және 10-нан астам адамды құтқарды. Алдын ала деректер бойынша, шамамен 20 адам зардап шекті, жеті адам қаза тапты», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар