$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен жекпе-жегі үшін қанша ақша алды?

Редакция
09 желтоқсан 2024 08:30 3626
Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен жекпе-жегі үшін қанша ақша алды? Сурет авторы: Ufc.com

Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (19-0) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турниріндегі жеңісі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды.

Рахмонов бұған дейін жеңіліс көрмеген ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) жеңіп, 450 мың доллар көлемінде гонорар тапты. Оның 350 мың доллары кепілдендірілген төлем болса, тағы 100 мың долларды қазақстандық спортшы жеңісі үшін алды.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC аясындағы жетінші жекпе-жегі болды, және ол осы промоушенде әлі күнге дейін «таза» рекордты (7-0) сақтап келеді.

Алдағы уақытта Рахмоновтың келесі қарсыласы UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, америкалық Белал Мұхаммед (24-3) болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар