$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

"Сергекке" түскен құлсарылық жүргізушілер айыппұл төлемейтін болды

Редакция
16 сәуір 2024 10:09 1174
"Сергекке" түскен құлсарылық жүргізушілер айыппұл төлемейтін болды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Facebook парақшасында айтты.

Оның айтуынша, үйлері суға кеткен құлсарылықтар жылдамдықты асырғаны үшін берілетін айыппұлдың кешірілуін сұраған.

"Төтенше жағдай жарияланғанда халық көлігіне отырып қашты. Тұрғындарды эвакуациялау үшін бірнеше рейс жасағандар бар. Жылдамдыққа қарайтын жағдай емес. "Сергекке" түскен айыппұлдар бірінен соң бірі келіп жатыр. Осыны тиісті органдарға, облыс әкімдігіне жеткізуімізді сұраған", – деді депутат.

Ол 1 сәуірден бастап Құлсары бойынша "Сергекке" түскен айыппұлдардың кешірілетінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар