$ 473.59 € 544.68 ₽ 5.94

Сербияда қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

Абдрахманов Мағжан
31 шілде 2026, 16:16
Сербияда қазақстандық бойжеткен қайтыс болды Сурет авторы: homeart_mebel

Белградта Қазақстан азаматы қаза тапты. Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірге оның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Марқұмның әкесі әлеуметтік желіде қызының байланысқа шықпай кеткенін, содан кейін оны іздеу үшін Белградқа барғанын жазған. Сол жерде оған қызының тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап қаза болғаны хабарланған.

Туыстары өзіне қол жұмсады деген жорамалға сенбейтінін айтып, оқиғаны жан-жақты әрі ашық тергеуді талап етті. Олардың пайымдауынша, қыздың өліміне Белградтағы таныстарының қатысы болуы мүмкін. Бұл мәліметті тергеу органдары әзірге растаған жоқ.

Сыртқы істер министрлігі елшілік марқұмның отбасымен байланыста екенін және қажетті консулдық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Тергеудің өзге деректері жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар