$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Сенсация: Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

20 маусым 2025 09:24 19
Сенсация: Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді Сурет авторы: ҰОК

Қазақстандық теннисші, ұлттық құраманың көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бублик күтпеген жерден әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді үш сетте жеңіп шықты. Тартысты өткен матчтың есебі: 3:6, 6:3, 6:4.

Келесі айналымда қазақстандық спортшы чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар