$ 496 € 588.01 ₽ 6.42

Сенсация! 32 жылдан кейін Қазақстан қысқы Олимпиадада алтын алды

Дулат Абдраманов
14 ақпан 2026, 09:03
Сенсация! 32 жылдан кейін Қазақстан қысқы Олимпиадада алтын алды Сурет авторы: Сали Сабиров

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан отандасымыз Михаил Шайдоров тарихи жеңіске қол жеткізді. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 291.58 ұпай жинаған ол қарсыластарынан озып, Олимпиада чемпионы атанды. Милан мұз айдынында Көк туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз асқақтай шырқалды.

Бұл — Қазақстан үшін Қысқы Олимпиада тарихындағы 32 жылдан кейінгі алтын жүлде. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен тұңғыш Олимпиада алтыны.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында Денис Тен қола жүлде иеленіп, қазақстандық мәнерлеп сырғанау мектебінің жаңа кезеңін бастаған еді. Бүгін Михаил Шайдоров сол жолды жалғап, ел спорты тарихында жаңа белеске көтерілді.

Соңғы жаңалықтар