$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Sensata Group бірінші рет облигацияларын шығарып, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік ашты

Дулат Абдраманов
19 қараша 2025 20:00 109
Sensata Group бірінші рет облигацияларын шығарып, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік ашты

Sensata Group компаниялар тобы Қазақстанның капитал нарығында өз облигацияларын орналастыратынын жариялады. Компания 100 млрд теңге көлеміндегі облигациялық бағдарламасын тіркеп, оның алғашқы траншы ретінде 10,01 млрд теңгенің бағалы қағаздарын шығарды.

Sensata Group өкілдерінің айтуынша, бұл шешім компанияның қаржылық стратегиясында маңызды қадам болып табылады.

«Бұл – біз үшін қаржылық моделіміздің тұрақтылығы мен процестердің ашықтығын дәлелдейтін логикалық әрі маңызды қадам. Ашық құралдар арқылы даму компанияның инвестициялық тартымдылығын арттырып, ұзақ мерзімді серіктестікке жол ашады», – деп хабарлады компания.

Орналастыру процесінің қаржылық кеңесшісі AIFC Green Finance Centre Ltd болды. Ал «Teniz Capital Investment Banking» АҚ инвестбанкі облигацияларды нарыққа шығару кезінде толық сараптамалық қолдау көрсеткен.


Компания облигациялардан түскен қаражатты жобалық портфельді кеңейтуге және өндірістік қуатты арттыруға бағыттауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 2024 жылы іске қосылған Uniton автоклавты газобетон зауытының дамуы да бар.

«Облигацияларды орналастыру капитал нарығын күшейтіп, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Компанияның тұрақтылығы мен жобаларының сапасын ескере отырып, жоғары сұраныс болады деп ойлаймыз. Бөлшек инвесторлар үшін бағалы қағаздар Tabys Pro мобильді қосымшасында қолжетімді», – деді «Teniz Capital Investment Banking» АҚ басқарма төрағасы Анзор Боташев.

Серіктестік материал

Соңғы жаңалықтар