$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Сенатор авиабилеттер қайтарылмайтын жағдайларды нақтылауды ұсынды

Редакция
02 сәуір 2025 08:24 2889
Сенатор авиабилеттер қайтарылмайтын жағдайларды нақтылауды ұсынды Сурет авторы: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Көлік министрлігіне авиакомпаниялар үшін билетті қайтаруға қатысты нақты және әділ ережелер әзірлеуді ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы саясат жолаушылардың наразылығын тудырып жатыр.

"Бұл талаптар авиакомпаниялардың өздеріне туатын қауіп-қатерді азайту үшін ойластырылғанын түсінеміз. Алайда Көлік министрлігі авиабилеттерді қайтаруға қатысты авиакомпаниялардың саясатын нақты белгілейтін ережелерді бекітуі тиіс", – деді Қаниев Сенаттағы дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ сенатор авиация саласының дамуына, отандық авиакомпанияларды қолдауға ерекше назар аударуды ұсынды. Оның айтуынша, әуе компанияларының ұшақтарды лизингке алып, оларды шетелде тіркеуі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар