$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Сенат төрағасы мен премьер-министр Ресей елшілігіне барып көңіл айтты

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1277
Сенат төрағасы мен премьер-министр Ресей елшілігіне барып көңіл айтты

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Үкімет жетекшісі Олжас Бектенов Астанадағы Ресей елшілігіне барып көңіл айту кітабында жазба қалдырды.

Сенат спикері Мәскеуде болған лаңкестік оқиғаға байланысты еліміздегі Ресей Елшісіне көңіл айтты. Сондай-ақ көңіл айту кітабына жазба қалдырып, гүл шоғын қойды. Ол ондаған жазықсыз жанның өмірін қиған қайғылы оқиғаны қазақстандықтар ауыр күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы да елшілікке барып көңіл айтты. Сонымен қатар Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар