$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Семейде полиция қызметкерлерінің көлігін өртеді деген күдікпен зейнеткер ұсталды

Абдрахманов Мағжан
26 қаңтар 2026, 14:11
Семейде полиция қызметкерлерінің көлігін өртеді деген күдікпен зейнеткер ұсталды Сурет авторы: видеодан кадр

Семей қаласында полиция қызметкерлеріне тиесілі екі автокөлікті өртеді деген күдікпен 66 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.

Оқиға 25 қаңтар күні кешкі уақытта болған. Өрт салдарынан Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі жеңіл көлік жанып кеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қылмыс жасаған сәтте мас болған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, көліктер көше бойына қойылған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын ауыздықталған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.

Соңғы жаңалықтар