$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Семейде кәмелетке толмаған қыздарды зорлаған студент өмір бойына сотталды

Абдрахманов Мағжан
02 қыркүйек 2025 17:17 476
Семейде кәмелетке толмаған қыздарды зорлаған студент өмір бойына сотталды Сурет авторы: elements envato

Семейде заң факультетінің студенті екі кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Абай облыстық соты хабарлады.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол қылмысты 2022 жылы және 2025 жылдың қаңтарында жасаған. Жәбірленушілер 12 және 13 жаста. Бірінші қылмыс болған кезде айыпталушы 18 жаста болған.

Сот барысында студент кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Алайда сот оны кінәлі деп танып, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы күш қолдану қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар