$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Семейде баланы ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі

Редакция
26 ақпан 2025 02:02 2792
Семейде баланы ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі Сурет авторы: видеодан скриншот

Семейде оқушыны ұрып-соққан жасөспірімдер девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберілетін болды. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды.

Комиссия шешіміне сәйкес, жасөспірімдер психологтардың бақылауымен түзету курсынан өтеді және уақытша оқшауланады. 

Сонымен қатар үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру және бір өкілдің екі балаға қамқорлығын тоқтату туралы ұсыныс жасалды.

Қазіргі уақытта барлық материалдар сотқа жолданды. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдердің мамандандырылған мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқықтарынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығарады.

 

Соңғы жаңалықтар