$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Семейде әйел пойыздың астына түсіп қаза тапты

Редакция
15 сәуір 2025 06:58 4191
Семейде әйел пойыздың астына түсіп қаза тапты Сурет авторы: видеодан кадр

Семей қаласындағы Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды. 14 сәуір күні шамамен сағат 16:30-да жүк пойызының астына түскен әйел оқиға орнында көз жұмды.

Өңірлік басылым таратқан мәліметке сәйкес, әйел пойыздың тоқтап тұрған сәтін пайдаланып, вагондардың арасынан өтпек болған. Алайда арада бірнеше секунд өткенде пойыз қозғалып кетеді де, әйелді басып өтеді.

Куәгерлер әйелге көмек көрсетуге ұмтылып, оны рельстен алып шыққанымен, алған жарақатынан қайтыс болды.

Көлік полициясы департаментінің хабарлауынша, "Семей" станциясындағы желілік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша (теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу) іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар