$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Семей жылыту маусымына дайын болмай шықты: Бектенов әкім орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2026, 09:42
Семей жылыту маусымына дайын болмай шықты: Бектенов әкім орынбасарын жауапқа тартуды тапсырды Сурет авторы: РИА Новости

Премьер-министр Олжас Бектенов Семейдегі жылу желілерін уақытында дайындамағаны үшін Абай облысы әкімінің осы салаға жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралды.

Бектенов бұған дейін жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін толық дайындауды тапсырғанын айтты. Оның сөзінше, Семейден басқа өңірлер бұл тапсырманы белгіленген мерзімде орындаған.

Қазір Қазақстанның 11 өңірінде жылу беріле бастады. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылыту маусымы бекітілген кесте мен ауа райына қарай басталады.

«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады», – деді Премьер-министр.

Семейде жылу желілері белгіленген мерзімге дейін дайын болмаған. Осыған байланысты Бектенов Абай облысы әкімінің тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар