$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Семей полигонының жабылғанына 33 жыл

Редакция
29 тамыз 2024 02:09 1260
Семей полигонының жабылғанына 33 жыл Сурет авторы: Фото: Ашық дереккөз

1949 жылы 29 тамызда қазақ даласында алғашқы атом бомасының сынағы өтіп, алғашқы ядролық жарылыс болды. Полигон жабылған уақытқа дейін ядролық қарудың кемі 468 сынағы өткізілген. Араға 30 жыл салып 1991 жылы алғашқы жарылыс болған 29 тамыз күні Қазақстан үшін аса маңызды оқиға болды. Халықтың қарсылығы мен соңына дейін күресудің арқасында осыдан 33 жыл бұрын Семей полигонын жабуға жарлық шықты. 

Семей сынақ полигонының аумағы 18,5 мың шаршы шақырымды құрайтын үлкен аумақ болды. Бастапқы кезде адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын сынақтарды тек жер үстінде емес, жер астынданда да жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстарының салдарынан Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңнан аса адам сынақтан зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар