Семей орманындағы экологиялық саяхат балаларға ұмытылмас әсер сыйлады
Сурет авторы: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында танымдық экологиялық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында балалар орманда өзін-өзі ұстау, табиғи ортаны қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша маңызды ережелермен танысты, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Іс-шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және ерекше қорғалатын аумақтағы қауіпсіздік талаптарын үйрету.

Іс-шара резерваттың Павлодар тас жолы бойында орналасқан Қызыл кордон орман шаруашылығы аумағында өтті. Жетекшілік еткен мамандар балаларға орман экожүйесі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар дүниесі туралы толық ақпарат берді. Сонымен бірге, ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, от жақпау, қоқыс тастамау және табиғи тепе-теңдікті бұзбау қажеттігі ескертілді.

«Орман алқабы үлкен болғандықтан, мемлекеттік деңгейде қорғалады. Сондықтан бұл аумақта бейсауат жүруге болмайды. Ең алдымен, келушілер қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауы қажет. От жағуға тыйым салынады. Сондай-ақ қоқыс тастап, табиғатқа зиян келтіруге болмайды. Біз тәрбиеленушілерге осы мәселелер бойынша қажетті бағыт-бағдар бердік», – деді «Семей орманы» МОТР Қызыл кордон орман шаруашылығының басшысы Қуаныш Қайырханов.
Экскурсия барысында тәрбиеленушілер табиғатты бақылап, өздерін қызықтырған сұрақтарына мамандардан жауап алды. Шара соңында балалар таза ауада серуендеп, алған білімдері бойынша оң әсерлерін бөлісті.

«Таза Қазақстан» акциясы шеңберіндегі мұндай танымдық кездесулер балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлықпен қарау құндылықтарын сіңіруге бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі ауысты
10 минут бұрын
-
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі ауысты
38 минут бұрын
-
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметінде қалды
52 минут бұрын
-
Семей орманындағы экологиялық саяхат балаларға ұмытылмас әсер сыйлады
58 минут бұрын
-
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды
1 сағат бұрын
-
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметінде қалды
1 сағат бұрын
-
Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі қызметінде қалды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі ауысты
1 сағат бұрын
-
Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметінде қалды
1 сағат бұрын
-
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметін жалғастырады
1 сағат бұрын
-
Мәди Такиев Қаржы министрі қызметінде қалды
2 сағат бұрын
-
Қанат Бозымбаев вице-премьер қызметінде қалды
2 сағат бұрын
-
Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты бірінші вице-премьер етіп қайта тағайындады
2 сағат бұрын
-
Жаслан Мәдиев жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалды
2 сағат бұрын
-
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қызметінде қалды
2 сағат бұрын
-
Қазақстан Ресеймен АЭС салу жөніндегі келісімшартқа қол қойды
3 сағат бұрын
-
Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды
3 сағат бұрын
-
Абай мектебі төңірегіндегі даудан соң Жұлдыз Сүлейменова Алматыға шұғыл барды
3 сағат бұрын
-
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды
4 сағат бұрын
-
Жамбыл облысында жаңа туған сәби қоқыс жәшігінен табылды
19 сағат бұрын
-
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлігіне қайта оралды
20 сағат бұрын
-
Оқушылардың жасы ұлғайған сайын анемия мен дәрумен тапшылығы жиілей түседі
20 сағат бұрын
-
2017 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық терроризм үшін 8 жылға сотталды
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран қайта соққы алмасты
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны сақтаудың жаңа жолын ұсынды
1 күн бұрын
-
Билл Гейтс дабыл қақты: Біз өзіміз ойлап тапқан технологияның тұтқынына айналып бара жатырмыз
1 күн бұрын
-
Пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанада баға қанша?
1 күн бұрын
-
Зеленский әуе компанияларға Ресей үстімен ұшу қауіпті екенін ескертті
1 күн бұрын
-
Ozon сатушыларға тауарларын Алматы мен Астана қоймаларына орналастыруды ұсынды
1 күн бұрын
-
Дрондардан кибершабуылға дейін: Астанада әлемдік авиация ұйымының басшылары бас қосады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 23 мыңнан астам азамат күзгі әскерге шақырылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда инста-психологтар дәуірі аяқталды: бүгіннен бастап жаңа заң күшіне енді
1 күн бұрын
-
Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Иран АҚШ келісімге қайта оралса, атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
«БҰҰ атына жиі сын айтылады, бірақ оның баламасы жоқ» – Тоқаев
1 күн бұрын
-
Тоқаев күш көрсету мен текетіреске негізделген әлемдік тәртіптен бас тартуға шақырды
1 күн бұрын
-
Шабуылға ұшыраған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу ұсынылды
1 күн бұрын
-
Риддерде 600 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді
1 күн бұрын
-
«Әділет» Құрылтайдағы спикерлерін 13 бағыт бойынша бөлді
1 күн бұрын
-
Шетелдіктер үшін Қазақстанға кіру ақылы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
«Иран өлді»: Дональд Трамп Тегеранға соққы беретінін айтып сес көрсетті
1 күн бұрын
-
Инфляция бір жарым жылда алғаш рет 10%-дан төмендеді
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Қарулы қақтығыстардың салдары соғыс аймағынан тыс жерлерге де таралып жатыр
2 күн бұрын
-
Пәтер мен Lexus-ті пайызсыз береміз деген: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды
2 күн бұрын
-
2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апару құқығына кімдер ие болды
2 күн бұрын
-
Айбек Дәдебай Құрылтайдың заң шығару жұмысындағы басымдықтарды атады
2 күн бұрын
-
Қырғызстан мен Қытай шекарада көпір салып, мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды
2 күн бұрын
-
«Отбасы банк» басшылары 2025 жылы қанша миллион теңге сыйақы алды
2 күн бұрын
-
2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады?
2 күн бұрын
-
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
2 күн бұрын