$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Сайлау қарсаңында заң бұзған жеті қазақстандық жауапқа тартылды

Редакция
21 тамыз 2026, 16:22
Сайлау қарсаңында заң бұзған жеті қазақстандық жауапқа тартылды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Бас прокуратура сайлау науқаны кезінде заңнама талаптарының сақталуын тексеру барысында сегіз бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде үшеуі қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізуге, ал бесеуі тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты болып отыр.

Бұзушылықтар бойынша қысқартылған өндіріс тәртібімен бір заңды тұлға мен жеті жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жауапқа тартылған тараптар өз айыптарын толық мойындап, онлайн-платформалардағы заңсыз жарияланымдарды өшірді.

Қадағалаушы орган азаматтар мен ұйымдарға сайлау заңнамасында белгіленген шектеулерді қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады. Талаптарды сақтамаған жағдайда әкімшілік айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері мен онлайн-платформаларда сайлауға қатысты сауалнамалар мен болжамдар нәтижелерін жариялауға шектеу қойылған.

Бас прокуратура бейбіт жиындар, митингілер мен пикеттер өткізудің хабарламалық, ал демонстрациялар мен шерулердің келісу тәртібі бар екенін атап өтті. Заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сайлау барысы, дауыс беру ережелері мен заңнамалық шектеулер туралы толық әрі нақты ақпаратты ҚР Орталық сайлау комиссиясы порталынан қарауға болады.

Соңғы жаңалықтар