$ 476.97 € 562.59 ₽ 6.27

Сәтпаевтың ізімен: өзбекстандық 16 жастағы футболшы "Челсимен" келісімшартқа отырды

Редакция
15 сәуір 2026, 10:21
Сәтпаевтың ізімен: өзбекстандық 16 жастағы футболшы "Челсимен" келісімшартқа отырды Сурет авторы: ZTB.news

Өзбекстан футболы халықаралық деңгейде қарқынды дамуын жалғастыруда. Орталық Азияның кезекті жас таланты, «ANDIJON-SGS» клубының тәрбиеленушісі Зуфархужа Акрамходжаев әлемдік футбол алпауыттарының бірі – лондондық «Челсидің» назарына ілікті.

Жас футболшы Англияда өткен сынақтардан сәтті өтіп, «Челси» академиясының құрылымына кіретін «Chelsea U15» командасына қабылданды. Оқу-жаттығу жиындары барысында Зуфархужа өзінің техникалық шеберлігін, ойынды терең түсіну қабілетін және алаңдағы сенімділігін жоғары деңгейде көрсете білген. Клуб мамандары өзбекстандық жасөспірімнің әлеуетін өте жоғары бағалап, оған ресми түрде ынтымақтастық туралы ұсыныс тастады.

10 сәуірде лондондық клуб академиясы футболшының дамуына және оның кәсіби прогресіне үлкен үміт артатынын мәлімдеп, ресми құжаттарын жолдады.

Соңғы жаңалықтар