$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Сарбаздарға темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген сержантқа сот үкімі шықты

Редакция
07 ақпан 2025 07:22 2891
Сарбаздарға темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген сержантқа сот үкімі шықты

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде қызмет еткен 42 жастағы сержант әскерилерге әлімжеттік көрсеткені үшін жауапқа тартылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, медициналық рота аумағын тазалау кезінде сержант жерде жатқан темекі қалдықтарын байқап, екі сарбазға оларды жеуді талап еткен. Бұйрықты орындағандардың бірі кейін денсаулығы нашарлағанын айтып, шағымданған.

Келесі күні сержант сол сарбаздарды қайта шақырып, олардың бірін соққыға жыққан.

Сот барысында сержант өз кінәсін мойындамады, ал сарбаздардың бірі оның күш қолданғанын растады. Екіншісі ешқандай қысым көрмегенін айтып, улану тағамнан болғанын жеткізді.

Тексеру нәтижесінде сержанттың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу және жыл сайын 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар