$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

Сарапшылар: доллар жыл соңына қарай 540 теңгеге дейін өсуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
27 сәуір 2026, 15:43
Сарапшылар: доллар жыл соңына қарай 540 теңгеге дейін өсуі мүмкін Сурет авторы: dknews.kz

Қазақстанда доллар бағамы жыл соңына қарай 540 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп болжады Halyk Finance сарапшылары. Мұндай сценарий мұнай бағасы барреліне орта есеппен 85 долларға дейін төмендеген жағдайда ықтимал.

Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 101 долларды құрайды. Бағаның тұрақсыздығына Иран төңірегіндегі жағдай, соның ішінде Ормуз бұғазының жабылуы әсер етіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, теңгенің әлсіреуіне ішкі факторлар да ықпал етуі мүмкін. Олардың қатарында инфляция деңгейінің жоғары болуы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы шетелдік инвесторлардың белсенділігінің төмендеуі, доллар индексінің нығаюы және Ұлттық қордан валюта сатылымының қысқаруы бар.

Halyk Finance бағалауынша, теңгенің қазіргі нығаюы уақытша сипатта. Бағам мұнай мен металл бағасына, геосаяси тәуекелдерге және негізгі сауда серіктестерінің валюта саясатына тәуелді болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар