$ 450.79 € 524.13 ₽ 5.31

Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті

Абдрахманов Мағжан
11 қыркүйек 2026, 17:08
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті Сурет авторы: ашық дереккөзден

Алматылық белсенді Санжар Боқаевтың ісі Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, алғашқы сот отырысының қашан өтетіні әзірге белгісіз.

«Бүгін біз қорғап отырған азамат Санжар Боқаевтың ісі Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотқа түсті. Бірінші процестің қашан басталатыны әзірге белгісіз», — деп жазды Радмир Өтепов Instagram парақшасында.

Санжар Боқаев биыл 18 наурыздан бері тергеу абақтысында қамауда отыр. Бұған дейін Бас прокуратура оның аса ірі мөлшердегі қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Сонымен бірге тергеу органдары Боқаевқа жалған ақпарат таратты және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнежазба жариялады деген күдік келтірген.

Боқаев Алматыдағы бірқатар қоғамдық мәселеге қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған.

Соңғы жаңалықтар