$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

«Самұрық-Қазына» қоры 650 адамды қызметінен босатады

Редакция
27 ақпан 2026, 12:08
«Самұрық-Қазына» қоры 650 адамды қызметінен босатады Сурет авторы: sk.kz

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қорда 650 адам қысқартылатынын хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Астана қаласындағы қордағы жалпы қызметкерлер саны 6 500 адам болса, оның 650-і қысқартылатын болады. Жақыповтың айтуынша, оңтайландыру тек әкімшілік және басқарушылық блокқа қатысты болады, өндірістік бөлім қызметкерлеріне бұл әсер етпейді.

«Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің саны 10 пайызға қысқарады. Барлық корпоративтік шешім қабылданды. Еңбек заңнамасын сақтай отырып, наурыз айының соңына дейін бұл шараны толық жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол Ақордада.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялар басшыларымен кеңейтілген отырыста олардың құрылымы мен жұмыс тәсілдерін қайта қарауды міндеттеген болатын.

Соңғы жаңалықтар