$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Samsung Қазақстанда теледидар мен кір жуатын машина шығаруы мүмкін

Редакция
28 мамыр 2024 09:19 2965
Samsung Қазақстанда теледидар мен кір жуатын машина шығаруы мүмкін Сурет авторы: gazeta.uz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

"Samsung компаниясы тарапынан қызығушылық бар, бірақ келісімнің қашан аяқталатыны белгісіз. Егер біздің жоспар орындалса, біз де Samsung тұрмыстық техникасын шығаратын боламыз. Дәлірек айтқанда теледидар, кір жуу машинасы. Компания бізге келуі үшін құқықтық-нормативтік құжаттарды өзгертуіміз қажет", – деді Қанат Шарлапаев.

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде тұрмыстық техника өндірісі 3,8 есе өскен. Алматы қаласында Xiaomi теледидар құрастырып-шығару зауыты іске қосылған. Сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics және Қытайдың HKC компанияларымен келіссөз жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар