$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша іс: Бақытжан Байжанов үкімге апелляциялық шағым түсірді

Редакция
28 мамыр 2024 03:09 1732
Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша іс: Бақытжан Байжанов үкімге апелляциялық шағым түсірді Сурет авторы: Жоғарғы сот

Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді. 

Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағым түсіргені туралы ақпарат 27 мамырда Сот кеңсесінің сайтында пайда болды.

13 мамырда Гастро орталығының директоры Бақытжан Байжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Салтанат Нүкенова айуандықпен өлтірілген болатын. Сот оның күйеуі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар