$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Салтанат Нүкенова ісі: Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті

Абдрахманов Мағжан
30 шілде 2025 13:12 457
Салтанат Нүкенова ісі: Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті Сурет авторы: Жоғарғы сот

Степногорск қалалық соты Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша аса ауыр қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға сотталған Бақытжан Байжановтың амнистия туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл жөнінде Kazinform агенттігі хабарлады.

Сот отырысында колония өкілі Байжановтың тәртібі жақсы екенін, ынталандыру шараларына ие болғанын және оң мінездеме алғанын айтты.

Сот шешімімен Байжановтың жазасы 8 ай 8 күнге қысқартылды. Ол абақтыда екі жылға жуық уақытын өтеп үлгерген. Қазіргі уақытта оған жазасының қалған бөлігі – 1 жыл 4 ай 17 күнін өтеу қажет.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамыр айында сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырған еді. Ал Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасыруға қатысы бар деп танылып, 4 жылға сотталған болатын.

Соңғы жаңалықтар