$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

Сағатына 200 шақырым: Астанада заманауи әуе таксиі таныстырылды

Редакция
24 шілде 2026, 10:25
Сағатына 200 шақырым: Астанада заманауи әуе таксиі таныстырылды Сурет авторы: instagram.com/aaag.alatau

Астанада отандық «Alatau Advance Air Group Ltd.» жеке компаниясы мен оның қытайлық серіктесі «eVTOL AutoFlight» ұйымдастыруымен әуе таксиінің алғашқы көрсетілімдік ұшуы өтті. Сипаттамалық шара «Қазанат» ипподромының аумағында ұйымдастырылды.

Сынақ барысында бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған «eVTOL AutoFlight Prosperity» әуе кемесі қолданылды. Аталған аппарат сағатына 200 шақырым жылдамдықпен 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсеруге қауқарлы. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мақсатында алғашқы демонстрациялық ұшу бортында жолаушыларсыз жүзеге асырылды.

«Астанадағы әуе таксиінің демонстрациялық ұшуы – бұл жекелеген шара емес, Қазақстанда қалалық әуе мобилділігін енгізу бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Mұндай сынақтар жаңа технологияларды практикалық қолданысқа енгізу үшін саланы дәйекті түрде дайындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Alatau Advance Air Group Ltd.» ЖШК бас директоры Сергей Хегай.

Сондай-ақ бұл технология Алатау қаласының арнайы құқықтық режиміне де енгізілген. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Конституциялық заң бұл шаһарды инновациялық көлікті тестілеудің басты алаңына айналдырды. Алатау қаласы нөлден бой көтеріп жатқандықтан, әуе таксиі мен ұшқышсыз аппараттарға арналған инфрақұрылым бас жоспарды жобалау кезеңінің өзінде-ақ қарастырылуда.

Көрсетілімнен кейін «AutoFlight Prosperity» аппараты Астанада өтетін «Болошақ Ойындары 2026» халықаралық турнирінің басты жәдігерлерінің біріне айналмақ. Аппарат 29 және 30 шілде күндері «Барыс Арена» кешенінің алдындағы ашық көрмеде көпшілік назарына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар