$ 464.02 € 536.18 ₽ 5.54

Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді

Редакция
14 тамыз 2026, 10:02
Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді Сурет авторы: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстанда кезекті президенттік сайлаудың мерзімі мен қатысушыларға қатысты алғашқы ресми мәлімдеме жасалды. Мемлекет басшысы Садыр Жапаров екінші мерзімге қайта бағыт алатынын растады.

Бұл туралы Президент 13 тамызда танымал журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында айтты. Сұхбат барысында ол алдағы сайлауға қатысуға ниет білдірген барлық үміткерлерге тең мүмкіндік берілетінін жеткізді.

«Дорога открыта для всех, кто хочет идти - пусть идет. Как говорят по-русски: «флаг в руки». Мы никого не ограничиваем», - деді Садыр Жапаров.

Сонымен қатар ол билік тарапынан ешкімге кедергі жасалмайтынын және сайлау науқаны аса әділ өтетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасында президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына белгіленген.

Соңғы жаңалықтар